Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай "Желбіре, Жеңіс жалауы" атты салтанатты шара өткізілді.
Мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған аталар мен апалардың ерлігін жадында сақтау. Шара барысында студенттер Ұлы Отан соғысына қатысқан Б. Момышұлы, Т. Бигельдинов, Қ. Қайсенов, Р. Қошқарбаев , Әлия, Мәншүк және Хиуаз сынды батырлардың ерлігіне шолу жасалды және студенттердің көрінісімен жалғасты.
Студенттер концерттік бағдарлама аясында би биледі, Ұлы Жеңіс күніне арналған әндерді орындады. Сонымен қатар колледж студенттері мен қызметкерлері Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлеріміздің рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
https://mtkig.edugov.kz/kz/t-rbielik-sharalar2/253-ly-zhe-isti-78-zhyldy-yna-oraj-zhelbire-zhe-is-zhalauy-atty-saltanatty-shara-tkizildi.html#sigFreeIde1b197b37b