Кәсіби бағдар беру бойынша колледж қызметкерлерінен құрылған мобилді топ Мақат ауданында іс - сапарда болды. Мақат ауданында орналасқан 4 мектептің 150 - ге жуық талапкеріне мамандық таңдау бойынша бағыт - бағдар, колледж туралы толық ақпарат берілді. Талапкерлер тарапынан жатақхана, практиканың ұйымдастырылуы, оқуға қабылдау ережесі туралы сұрақтарға толық жауап берілді. Ендігі таңдау сіздерде! Біз сіздерді күтеміз! Үздіктер қатарына қосыл!