«Оқуға құштар колледж» жобасы бойынша 22 мамыр күні Мақат мұнай және газ технологиялық колледж кітапханашысы М.Ахатова І - ІІ курс студенттерімен жергілікті ақиық ақын Тәжібай Ғаббасұлы Текеевтің туғанына 100 жыл толуына орай Мақат аудандық тарихи - өлкетану мұражайында болды.
Аудандық мұражайда кітапханашы М.Ахатова жергілікті ақын Тәжібай Текеевтің өмірбаянымен таныстырды. Мұражай жүргізушісі Г.Мырзағалиева ақынға арналған көрмемен таныстырып, отты жылдарда жарық көрген сарғайған аудандық газет беттерінен оның бірнеше өлеңдерінің көшірмелерін, қан майданнан жаралы оралған қаламгер солдаттың әр өлеңдері елдің еңсесін рухани жағынан көтеруге бағышталғандығын атады. Тәжібай Ғаббасұлының марапаттарымен, жазушылыққа баулыған шәкірттерімен таныстырып толық мағұлмат берді.
І курс студенті Беркін Нұрбол ақынның «Мұнай иісі», «Еңбектегі жеңістер» өлеңдерін оқыды.Келешек ұрпақтарымыз Тәжібай атамыздың шебер ұйымдастырушы редактор, қаламы жүйрік журналист және азулы айтыс ақыны болғаны жөнінде ой түйіндеді. Ақын,жазушы атамыздың өнегесі, өлеңдері жас ұрпақ есінде мәңгі қалары сөзсіз