31 мамыр - саяси қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихқа тағылым - өткенге тағзым» атты І курс 211 топ студенттерімен және Мақат аудандық тарихи - өлкетану мұражайында «Қуғын - сүргін құрбандары ел есінде» атты тарихи танымдық сағат өткізіліп кітап көрмесімен таныстырылды.
Мақсаты: саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу. Олардың өмір жолдарымен оқырмандарды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа өнегелі тәрбие беру, Отанын сүюге, елінің, жерінің адал ұл - қыздары болуға тәрбиелеу және олардың санасына тарихи шындықты жеткізу.
«Тарихқа тағылым - өткенге тағзым» атты танымдық сағатты кітапханашы М.Ахатова сол бір қиын - қыстау жылдарында тағдырлары тәлкекке түскен саяси қуғын - сүргіндер туралы бейнебаян көрсетуден бастады. Тар жолда тайғақ кешіп, ұлтының қамы үшін аш,жалаңаш, от кешкен қазақ зиялылары туралы да айтып өтті. Елім деп еңіреген қазақ зиялылары А.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Б.Майлин, М.Жұмабаев, С.Сейфуллиндер т.б қоғам қайраткерлерінің қудаланғаны жөнінде айтты.
Колледж студенттері Мақат аудандық тарихи - өлкетану мұражайында болып қуғын - сүргіндерге арнап жасақталған «Қуғын - сүргін құрбандары ел есінде» бұрышымен таныстырды. Жүргізуші Г.Мырзағалиева 1937-1939 жылдар аралығында бас көтерер қазақ зиялысының көпшілігі қуғын - сүргін құрбанына айналғандығын, сол кездегі қатігез саясат нәтижесінде қуғын - сүргінге ұшырағандардың жақындары да жапа шеккендігін айта келе, осының барлығы адамзаттың бүгінгі және болашақтағы тарихында ұмытылмайтындығын айтты.