2023 жылдың 02 - маусым күні Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде Индустриялық кеңес өткізілді.
Мақсаты: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында іске асырылатын білім беру бағдарламаларының өзектілігі, сапасы мен стратегиялық қажеттілігіне қатысты консультациялар мен ұсынымдар беру.
Индустриялық кеңес отырысына Мақат ауданы әкімі, Доссор кенті әкімі, Атырау облысы Білім беру басқармасы, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Доссормұнайгаз» МГӨБ, «Атырау - Жарық» АҚ, Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы, «Норт Каспиан Операйтинг Компани Н.В.» (НКОК) компаниясы, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС, «GPC INVESTMENT» ЖШС, Мақат аудандық жұмыспен қамту бөлімі, Аудандық білім бөлімі, С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, қоғам белсенділері қатысты.
Индустриялық кеңес күн тәртібіне байланысты мәселелер қаралып, ұсыныстар айтылды.
Кеңесте «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС, «GPC INVESTMENT» ЖШС мекемелерімен үш жақты (Мақат ауданы әкімі, колледж басшысы, мекеме басшылары) меморандумға қол қойылды.