29 маусым күні Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде "Жас маман - 2023" бітіруші түлектерге арналған салтанатты іс - шара өткізілді. Колледж басшысы Тасбаев Ізтұрған Молдабекұлы бітіруші түлектерді құттықтап, сәт сапар тіледі. Доссор кенті әкімшілік аппаратынан Кулжанова Нургуль Газизовна құттықтау сөз сөйлеп, "Үздік диплом" иегерлерін табыстады.
Сонымен қатар, колледжімізде алғаш рет ДЕМО ЕМТИХАН өткізілген болатын. Соның нәтижесінде "Дәнекерлеу ісі" мамандығы бойынша 202 топтан 7 білім алушы "жақсы" көрсеткіш көрсетіп, арнайы сертификатпен марапатталды.
Кеше ғана колледж табалдырығын аттаған жас түлектер бүгінде 3 жыл уақыттарын арнап, білім нәрімен сусындап, үлкен өмірге қадам басқалы отыр. Алған білімдеріңіз өмірде азық болып, ойлаған арман-мақсаттарыңызға сүрінбей жетулеріңізге біз әрқашанда тілекшіміз!