Мақат мұнай және технологиялық колледжінде барша халықтың дәстүрлі мерекесіне айналған Білім күніне орай «Әділетті Қазақстан: Адал ұрпақ, сапалы білім, табысты ұлт» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.
Шарада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көтеріліп, Мемлекеттік гимні орындалды!
Салтанатты жиында білікті маман даярлап қана қоймай, халықтық рухта тәрбиелеу басты мұратымыз деп есептейтін ұжымның басшысы Тасбаев Ізтұрған Молдабекұлы ұстаздар мен студенттерді білім күнімен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.
Жаңа оқу жылында жаңа жетістіктерге жетіп, шығармашылық табыс, колледж табалдырығын алғаш аттаған білім алушыларға сәттілік тілеп, сапалы білім алып шығуларына жол көрсетті.
https://mtkig.edugov.kz/kz/t-rbielik-sharalar2/265-diletti-aza-stan-adal-rpa-sapaly-bilim-tabysty-lt-ta-yrybynda-saltanatty-zhiyn-tkizildi.html#sigFreeIdd70f856444