Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің кітапхана залында тіл мерекесіне орай «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты қазақ ағартушысы, қоғам және мемлекет қайраткері, ақын, ғалым Ахмет Байтұрсынұлына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітапханашы М.Ахатова Ахмет Байтұрсынұлының қазақ әдебиетіне сыншы, публицист, әдебиет тарихшысы, аудармашы және педагог ретінде елеулі үлес қосқанына шолу жасады. Ахмет Байтұрсынұлының бірнеше шығармаларымен таныстырды.

Мысалы «Қырық мысал» (1909), «Маса» (1911) шығармаларында бос әурешілік, жалқаулық, надандық, секілді адамның кемшіліктері мазақ ететіндігін атап айтты. Реформаланған әліпбиі бар алғашқы қазақ әліпбиінің құрастырушысы екендігіне аса назар аударды. Сондықтан оның туған күні Қазақстан халықтарының тілдері күні болуының өзі ғалымға, ұлт зиялыларына деген құрмет екендігін түсіндіріп өтті.