Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінің жатақхана білім алушыларының қатысуымен тіл мерекесіне орай «Тіл - рухани қазына» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды.
Тәрбие сағатында жатақхана тәрбиешісі Б.Мұратова тілге байланысты білім алушыларға тілдің қай халықтың болса да рухани қазынасы екенін, «тіл жоқ жерде ұлтта жоқ» нақылының мәнін түсіндіріп өтті.
Жатақхана білім алушылары ортаға өз өнерлерін көрсетті. Онда тілдін көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал - мәтелдер, тәрбиесі мол көріністер көрсетілді. Соңында кітапханашы, тіл мұғалімі М.Құсымқызы сөз тізгінін алып, тілдер мерекесіне орай жүрек жарды лебіздерін білдірді.
https://mtkig.edugov.kz/kz/t-rbielik-sharalar2/269-til-rukhani-azyna-atty-t-rbie-sa-aty-jymdastyryldy.html#sigFreeId6f73f37fa8