Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі Еңбек күні мерекесі болып белгіленген болатын. Осы мерекеге арналып Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде де «Еңбегіне сай сый құрмет» тақырыбынды 1 курс білім алушылары арасында Гүлжайна Мыңбайқызының ұйымдастыруымен кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешінің қонағы осы колледжде 35 жылдам астам еңбек еткен қазіргі таңда зейнеткер ұстаз Айжан Амангелдіқызы мен арнаулы пән оқытушысы Телжан Сағынқызы қатынасты. Аталмыш іс - шараның басты мақсаты - жастардың бойына рухани - адамгершілік, тағылымды салт - дәстүр, имандылық сияқты адамдық асыл қасиеттерді сіңіріп, ойлап әрекет жасауға негіздеу, адал еңбек жасауға үйрету. Жиын барысында өмірден түйгені мол, ардагер ұстаздарымыз табанды еңбек пен өз ісінің маманы болу - болашақты жарқын ететіндігі жөнінде сөз қылып, жолы жігерлі жастар мен жиын қатысушыларына үлкен әсер қалдырды. Сондай - ақ, қатысушылар тарапынан сауалдар қойылып, толғандырып жүрген бірқатар ұсыныс - пікірлерін ортаға салды.
https://mtkig.edugov.kz/kz/t-rbielik-sharalar2/271-1-kurs-bilim-alushylary-arasynda-g-lzhajna-my-baj-yzyny-jymdastyruymen-kezdesu-keshi-tkizildi.html#sigFreeIdb73c491d20