Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде 2023 жылдың 29 күні «Саналы ұрпақ» студенттік клубының жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл - әрбір азаматтың міндеті» атты дебат өтті. Оқытушы Г.Тұрланқызы тақырып жайлы мәлімет беріп, студенттерге заңнамалық базаға, сыбайлас жемқорлыққа байланысты тап болған жағдайда ресми қызметтер мен телефондарды білуге қатысты түрлі тақырыптар бойынша сұрақтар берілді. Білім алушылар шарада өз белсенділіктерін көрсетіп, ойларымен, қарсы пікірлерімен бөлісті. Дебатта «Аманат» фракциясы, «Әлеумет» фракциясы, «Ақиқат» фракциясы берілген тақырып бойынша өз жауаптарын қорғай алды. Дебат соңында барлық қатысушылар кез келген ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенділік танытуымыз керек деген пікірге келді. Соңында барлық жеңімпаздар марапатталды, ұйымдастырушы осындай іс - шараларды өткізу жастарды еліміздің болашағы үшін біріктіруде маңызды рөл атқаратындығын түсіндірді.