Колледжде 5 қазан - Ұстаздар күніне орай, "Ұстаз-ұлағатты есім" атты ауқымды іс шара өткізілді. Ұстаздан өнеге-білім алып, өмір теңізіне құлаш ұрған кез келген шәкірт ұстазымен мақтанады. Шарада білім алушылар ұстаздарға жылы лебіздерін білдіріп, көңілді кештерімен ерекше әсер қалдырды. Білім алушыларға білім мен біліктілікті ұстаз еңбегінен бастау алатынын, ұстаздарды құрметтеу және сыйлау керектігі дәріптелді.