2023 жылдың 12 қазан күні колледж жатақханасында Доссор кентіндегі мешіт имамы Қуаныш Сәрсенұлының қатысуымен "Шынайы тақуалық жүректе болады" тақырыбында кездесу өтті. Кездесудің мақсаты білім алушыларды діни имаммен кездестіре отырып, қоғамдағы кері ағымдар туралы ақпарат беру, олардан сақ болуға үйрету.
Қуаныш Сәрсенұлы ислам дінінің жастарымызды мүлтіксіз тәрбиеге апаратын жол екенін және ізгі амалдарға жетелейтін асыл қазына екендігін түсіндіріп,адал мен арамның пайдасы мен зияны және мұндай жаман істерден аулақ болу керек екенін толығымен айтып өтті.
Колледж психологі А.Ш.Абдикаева жастарды тура жолдан адастыруға бағытталған сайттар мен чаттардан аулақ болу, жалған ақпаратқа еріп кетпеу керектігін түсіндірді. Кездесуде имамға білім алушылар ашық түрде көкейлерінде жүрген сұрақтарына жауап ала білді. Жатақхана білім алушылары осындай мәні мен мазмұны терең кездесулерді жиі ұйымдастырып тұруы жөнінде ұсыныс білдірді.
https://mtkig.edugov.kz/kz/t-rbielik-sharalar2/276-shynajy-ta-ualy-zh-rekte-bolady-ta-yrybynda-kezdesu-tti.html#sigFreeId72b1aca704