Колледжішілік студенттер арасында қазан айының 02-06 жұлдызында «Салауатты өмір-жарқын болашақ!» деген тақырыпта кіші аяқ добынан жарыс ұйымдастырылды. Салауатты өмір салтын ұстанған студенттер жеңіс үшін бар күшін салып, жақсы ойын техникасын көрсеткен студенттеріміз де көзге түсті. Атап айтсақ: Е.Ізтелеуов, Н.Ізтелеуов, Н.Ержанұлы, А.Жұмабаев, Қ.Берікұлы, А.Әділкерей.
Нәтижесінде I орын №206 топ, II орын №211 топ, III №214 топ командалары иеленді. Жеңімпаз командалар ауыспалы кубок және дипломдармен марапатталды.