Колледжімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары үнемі өткізіліп отырады. Соның бірі қазан айының 18 жұлдызында «Саналы ұрпақ» клубының мүшелері аудан тұрғындарына жол тартты.
Біздің мақсатымыз жемқорлыққа қарсы күресте барынша қатал және батыл болып, сыбайлас жемқорлықтан таза қоғам қалыптастыру. Осы мақсатта «Саналы ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері аудан тұғындары арасында болып, сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметіне қалай жүгінуге болатыны жөнінде ақпарат беру мақсатында жаднама таратты.