Ата-аналар жиналысын колледждің басшысы І.Тасбаев ашып, колледждің ішкі тәртіп ережесіне, атқарылып жатырған жұмыстарға, білім алушыларды дуальдық оқыту бойынша жұмысқа орналасу жағдай туралы қысқаша баяндап өтті. Жиналысқа ішкі істер қызметкері Д.Зедляеев қатынасып «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу, ата-ана жауапкершілігі» туралы ақпарат берді. «Буллинг және кибербуллинг дегеніміз не және ол неге қауіпті» тақырыбында колледж психологы А.Абдекаева ата-аналарғы кеңес берді. Ата-аналар тарапынан колледж әкімшілігіне әртүрлі сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынды.

Жалпы жиналыс аяқталғаннан кейін әр топ өз жетекшілерімен жиналыс өткізіп, топ ішіндегі мәселелер аясында пікір алмасты.