Ағымдағы жылдың 23 қазанда білім алушылар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында «Нашақорлыққа жол жоқ!» атты тақырыпта кездесу өтті. Кездесуге Мақат аудандық прокуратурасының прокуроры Аруов Торыбек Серікұлы, Полиция капитаны Мұрынов Нұрхиса Наурызбайұлы қатысып, әлемді алаңдатып отырған нашақорлық жайлы сөз қозғады. Білім алушыларға тақырыпқа байланысты бейнетаспа көрсетіліп, темекі шегуге, алкогольдік сусындарды, есірткі және психотроптық заттарды пайдалануға болмайтындығы жөнінде айтылып, салауатты өмір салтына шақырды.