Басты мақсаты: Білім алушыларды өз Отанын сүюге, қазақ екенін, Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт-дәстүрін қастерлейтін саналы да, парасатты азаматтар тәрбиелеу. Салтанатты іс-шараны колледж басшысы Ізтұрған Молдабекұлы құттықтау сөзімен ашты.. Елімізге арналған патриоттық өлеңдерін оқып тамаша әндер шырқалды.

Тауды көрсең күн көзімен таласқан,

Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан,

Жерінде гүл, көгінде күн бір жүзген

Ұлан-байтақ Республикам бұл менің – дей келе, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейміз!