Құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында оқу жылының басынан бері колледжімізде түрлі жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі 26 қазанда «Құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары» атты тақырыпта кездесу өткізілді. Кездесуге кәмелетке толмаған істер жөніндегі инспекторлары Ш.Ж.Таласқалиева, М.Б.Бейсенбаева, полиция капитаны Н.Н.Мұрынов қатысып, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу жөнінде түсіндірілді. Құқық бұзған жағдайда жауапкершілікке тартылатын заңдар жайлы таныстырылды. Сөз соңында студенттер қойған сұрақтарына жауап алып, алдағы уақытта құқық бұзушылыққа жол бермеу керектігін ұғынды.