Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде 25 қазан – Республика күніне орай колледж бойынша «Менің Отаным - Қазақстан» кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты-Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, болашақта Қазақстанның дамуына өзіндік үлес қосатын тұлғалар екендігін ұғындыру,елін сүюге, құрметтеуге, Отанын қастерлеуге тәрбиелеу.
Алдымен кітапханашы М.Ахатова мереке тарихымен таныстыра келе, Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері, ішкі және халықаралық аренадағы экономикалық жәнe саяси жетістіктері туралы әдебиеттерге шолу жасалып,кітаптың мазмұндары қысқаша таныстырылды. Көрменің бірінші бөлімінде қазақ халқының өзіндік тарихы, мәдениеті, тәуелсіз ел екенін түсіндірілді.
Екінші бөлімінде ұлтты патриоттық рухта жазылған еңбектерді және Қазақ елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге өз елін, тегін, тарихын білу жөнінде шолу жасады.
https://mtkig.edugov.kz/kz/t-rbielik-sharalar2/284-meni-otanym-aza-stan-kitap-k-rmesi-jymdastyryldy.html#sigFreeId2abbb4ec71