«Мағжан жырлары- мәңгілік мұра» атты әдеби кеш Мақат мұнай және газ технологиялық колледж кітапханасында Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай Мағжан жырлары- мәңгілік мұра» атты әдеби кеш болып өтті.

Мақсаты - Ұлтымыздың ұлы ақыны, Алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаевтың өмірмен шығармашылығын насихаттап, ұлттық поэзия арқылы жастарды рухани байлыққа, отансүйгіштікке, адамгершілікке, өршілдікке тәрбиелеу және оларға қолдау көрсету,көркем әдебиет пен тіл мәдениетін жандандыру.

Кітапханашы М.Ахатова білім алушыларға Мағжан Жұмабаевтың өмірімен таныстырып,бейнебаян дайындады. Қатысушылар танымал қазақтың ұлы жазушысы М.Жұмабаевтың өмірі тереңнен сыр шертетіндігімен таныса отырып, ғұмыр жолындағы әртүрлі айтарға тұрарлық ақпараттармен танысты. Шығармаларына шолу жасалып, бірсыпыра өлеңдері оқылды. Ақынның бірнеше өлеңдерін студенттер жатқа айтты. Әсіресе «Мен жастарға сенемін»өлеңін студенттер жалынды,патриоттық сезімде нақышына келтіре оқыды. Аталмыш іс-шарада ақын шығармаларына арналған виртуальды кітап көрмесі ұсынылды. Онда кітапхана қорындағы М.Жұмабаевқа байланысты әдебиеттер орын алды. Іс-шара соңында студенттерге Міржақып Дулатұлына арнап түсірілген «Оян,қазақ» көркем фильмі ұсынылды. «Оян, қазақ» кинофильмінде алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылады. Фильмнің қазақ халқы үшін маңызы зор. Бұл фильмді көрген жастарымыздың рухы оянып, санаңыз сілкінеді. Сондықтан да бұл фильмді ұлттың жан жарасын емдейтін туынды десек артық болмас.