Ақын, аудармашы, тарихшы, сазгер, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 165 жыл толуына орай Мақат мұнай және газ технологиялық колледж кітапханасында кітапхана оқырмандарының қатысуымен “Ұлы ойшыл, ақын Шәкәрім Құдайбердіұлы ” атты әдеби танымдық сағаты өтті.

Мақсаты: Жас ұрпаққа Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, оқырмандарға ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу.

Кітапханашы М.Ахатова Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірімен таныстыра келе, бейнебаян тамашалатты. Студенттер Шәкәрім Құдайбердіұлының «Адамдық борышың», «Дүние мен өмір», «Жастарға»өлеңдерін оқыды. Кітапханашы «Шәкәрім –ұлы тұлға» атты виртуальды кітап көрмесімен таныстырды.Оқырмандар Шәкәрімнің «Анадан алғаш туғанда», «Бұл ән ,бұрынғы әннен өзгерек» әндерін әсерлі тыңдады.