Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде кітапханашы М.Ахатова мен өндіріс оқыту шебері Г.Саналиеваның ұйымдастыруымен «Тенге –мемлекет келбеті» атты ақпараттық сағат ұйымдастырылды.
Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек танысу, Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы мен оның маңызын түсіндіру. Өз ұлттық теңгеміздің айналымға енуі,кімдер жасағаны туралы мағұлмат беру, туған жеріне, отанына сүйіспеншілігін ояту.
Іс шара «Ұлттық теңге –мақтанышымыз»атты слайдты таныстырумен басталды.Кітапханашы М.Ахатова төл теңгеміздің шығу тарихымен таныстырды.Ұлттық теңгеміз туралы «Кім жүйрік» ойыны ойналып қатысушылар сұрақтарға жауап беріп шараны әсерлете түсті.Сондай-ақ төл теңгеміздегі ұлт қайраткерлерінің,батырлардың, хандардың суреттері бейнеленген теңгемізді еске түсірді.Сонымен қатар қатысушылар ситуациялық жағдаяттарға да жауап берді. Іс-шара соңында басшының тәрбие жөніндегі орынбасары Ә.Дадахова білім алушыларға ыстық лебізін білдірді