Ағымдағы жылдың 20 қараша күні Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі Норт Каспиан Оперейтинг Компания Н.В компаниясы және Мақат ауданының әкімшілігі арасында үшжақты меморандумға қол қойды.

Мұндағы мақсат - колледж білім алушыларын тәжірибемен, жұмыспен қамту. Тараптар арасындағы ынтымақтастық жүзеге асып, оң нәтиже береді деген сенімдеміз.